Негізгі Жаңалықтар АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ! 

АБАЙЛАҢЫЗ, ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ! 

Шойын жолдың бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде "Назар аударыңыз, теміржол өткелі" айлығы өтіп жатыр. Профилактикалық іс-шара аясында Ақтөбе жол дистанциясының мамандары автокөлік жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Көлік иелеріне өткелден өту ережелері ескертіліп, ақпараттық парақшалар таратылып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау ескертілді. Мамандар бағдаршамның тыйым салатын белгісіне бағынуға, шлагбаум жабылған сәтте өткелге шықпау қажеттігін қаперге салды. 

Бөлісу