ҮЙ ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
Бөтеннің мүлкіне көз тіккендер үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, баспаналарға терезе арқылы кірген. Қалада бірнеше үйді тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олар зергерлік бұйымдардан бастап, тұрмыстық және электр жабдықтарына дейін қолды қылған. Келтірілген шығын миллиондаған теңгеге жетеді.