"САМҒАУ" АРНАЙЫ БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
"Есет батыр" тұрғын алабында дамуында ерекшелігі бар балғындарға арналған 300 орындық "Самғау" бөбекжай-балабақшасы пайдалануға берілді. Мамандандырылған заманауи орталық Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қайтарылған активтер есебінен бой көтерді. Жоба құны 8 млрд теңгеге жуық. Әлеуметтік маңызды нысанның жұмысымен облыс әкімі Асхат Шахаров танысты.