АУДАНДА ГАЗДАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ 94%-ҒА ЖЕТТІ
Әйтеке би ауданы тұрғындарының 100 пайызы ауыз сумен қамтылған. Ал шалғай елді-мекендерді газдандыру деңгейі биыл - 94 пайызға жетті. Бұл тұста - Жабасақ, Тұмабұлақ және Ақтасты ауылдарына көгілдір отын берілгенін айрықша атап өткен жөн. Әрі аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.