ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау баршаға ортақ жауапкершілік. Университет ұжымы маңызды құжат жүктеген міндеттерді талқылады. Сондай-ақ заң үстемдігін нығайту және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытында ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындары мен қоғамдық институттардың өзара ынтымақтастығын арттырудың маңызын жеткізді. Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды жоғары білім беру жүйесінде іске асыру жолдарын және қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті өзгерістерді қарастырды.