САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ БІРІНДЕ РОБОТТАР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
№37 мектеп базасында орналасқан сайлау учаскесіндегі дауыс беру үдерісі ерекше инновациялық сипатқа ие болды. Өз азаматтық ұстанымын білдіруге келген келушілерге мектеп оқушыларының қолынан шыққан роботтар көрмесі ұйымдастырылды. Сайлаушылар көрмеге қойылған туындыларды тамашалап, естелік суретке түсті. Айта кетелік, №111 сайлау учаскесіне 1440 адам тіркелген.