Негізгі Жаңалықтар 102 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ӨЗ ҮЙІНЕН ДАУЫС БЕРДІ

102 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ӨЗ ҮЙІНЕН ДАУЫС БЕРДІ

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында, аймағымыздағы жалғыз соғыс ардагері Василий Грецкий де белсенділік танытты. 102 жастағы абыз қарт бұл жолы да өз үйінен дауыс берді. Хромтау қаласындағы сайлау комиссияның мүшелері ардагердің үйіне арнайы барып, дауыс беру үшін барлық қажетті жағдайды жасады. Ал Василий Грецкий өзінің таңдауын жасап, еліміздің болашағына деген үмітін білдірді. 

Бөлісу