Жастар арасында заңды түсіндіріп, тәртіпке шақыруға бағытталған кездесулер толастаған емес. Осындай бір жиын мыңнан астам білім алушысы бар құрылыс колледжінде өтті. Шара барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылып, қоғамдағы тәртіп нормаларын сақтау әр азаматтың міндеті екені түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері заң бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды