Өңірде 2 айлық тазалық акциясы аяқталды. Ал атқарылған нәтижелі жұмыстар барысы облыс әкімінің төрағалымен өткен аппарат мәжілісінде қорытындыланды. Айталық, сенбіліктер 10 апта бойы облыстың қалалары мен аудандарында өткізілді. Оларға 168 мыңнан астам адам қатысып, 377 техника жұмылдырылған. Іс-шаралар аясында 7 101 көше мен 825 саябақ тазартылып, 2 126 заңсыз қоқыс үйіндісінен 9 205 тонна қоқыс, ал елді мекендердің көшелерінен 19 мың тоннадан кастам қоқыс жиналып шығарылды. Бұдан бөлек, 464 шағын сәулет нысанының сыртқы келбеті қалпына келтірілді. Сонымен қатар, жағалау аймақтарының санитарлық жағдайына да аса көңіл бөлінді. Жалпы ұзындығы 626 шақырымды құрайтын жағалау аумағы қоқыстан тазартылды. Алдағы уақытта да санитарлық шаралар жалғасын таппақ. Сондықтан облыс әкімі құзырлы сала мамандарын акция өткізумен шектелмей, тазалықты тұрақты түрде сақтауға шақырды.