Жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу – уақыт талабы. Осы мақсатта өңірде алғаш рет мұғалімдерге арналған «AI ORTA – жас педагогтердің кәсіби дамуы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жоба аясында ұстаздар ЖИ көмегімен сабақ жоспарын жазып, көрнекіліктер мен тест тапсырмаларын, өзге де инновациялық технологияларды меңгереді.