Қалада қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосып жүрген зейнеткердің бірі - Серік Кожимов. Ол өз еңбегімен сквер абаттандырып, ағаш отырғызып, шаһар аумағын жасыл желекке айналдыруға бар күшін салып жүр. Туған жеріне жанашырлық танытқан зейнеткерге «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қол ұшын созды. 30 жас белгіленген аумақты тазарту, көшет отырғызу жұмыстарын бірлесіп қолға алды. Ал зейнеткер өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жастарға алғысын білдірді.