Ақтөбе өңірлік университетінде "Жасанды интеллект: зерттеу, құру және қолдану" атты халықаралық ғылыми семинар өтті. Жиынға еліміздің іргелі оқу орындарымен қатар Түркия профессорлары және Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының ғалымдары қатысты.
Кездесу барысында жасанды интеллектінің даму үрдістері, оны зерттеу мен әзірлеудің өзекті бағыттары, сондай-ақ технологияның медицина, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы қолданылу мүмкіндіктері айтылды.