Қазақстан Журналистер одағының қатары «Ақтөбе» телеарнасының төрт қызметкерімен толықты. Жаңа мүшелерге арнайы куәлік мен төсбелгіні облыстық филиал төрағасы Раукен Отыншин табыстады.
Салтанатты жиында ол бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталып, бұқараны жедел әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етудегі жауапкершілігін атап өтті.
Сондай-ақ, Журналистер одағына мүше болу – үлкен сенім. Сол сенімге, жалпы қаламгерлер атына кір келтірмей абыройлы қызмет ету- парыз екенін жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан журналистер одағының құрамында төл арнамыздың 15-ке жуық қызметкері бар