Шалқар ауданының жастары халқымыздың әйгілі күйші-композиторы Қазанғап Тілепбенгенұлының зиратына барып, баға рухына тағзым етті. Зират айналасын қоқыстан тазаратты. Қасиетті орынды күтіп ұстау, оны тазалау бүгінгі жас буынның - парызы. Игі іс-шара қатысушылардың көңілін көтеріп, бірлік пен ынтымақтың нығаюына септігін тигізді. Ал ауыл ақсақалдары жастарға дәуірде бір туатын дәулескер күйшінің өмір жолы мен халық арасында кеңінен таралған жауһар шығармалары жайында айтып берді.