Ауа райы туралы ақпар. Ақтөбеге ақ ұлпа жауып, күн райы өзгерді. Ертең 9 желтоқсанда облыста қар жауып, жауын-шашын күтіледі. Қалың қар түсіп, бұрқасын болуы ықтимал. Желдің екпіні секундына 15 метрге жетіп, күн райы қолайсыздық тудыруы мүмкін. Сондай-ақ кей жерлерде тұман күтіледі. Синоптиктердің болжауынша көктайғақ болады. Сондықтан көлік жүргізушілеріне ұзақ жолға шықпауға кеңес береді.