Жасөспірімдерді зиянды әрекеттерден тыйу. Шаһарда №17 гимназия оқушыларына арналған тәрбие сағаты өтті. Профилактикалық шарада тәртіп сақшылар мен мұғалімдер білім ордасының оқушыларына кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылардың себеп-салдарын түсіндірді. Жас буынды жол ережесін қатаң сақтауға, әлімжеттік жасаудан аулақ болуға шақырды.