Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – облыс басшысының жеке бақылауында. Жұмыстарды жүйелі үйлестіру үшін облыста республикада алғаш рет Балалар құқықтарын қорғау басқармасы құрылды.
Салаға жауаптылардың жұмыс барысы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.