Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе жастарымен жүздесті. Өнегелі насихат айтып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену жайын баса айтты. "Жастар - руханият шамшырағы" деп аталған кездесу "Ислам және отбасы құндылығы" жылы аясында ұйымдастырылды. Жиынға облыс имамдары мен ұстаздар, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.