Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты үш ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Алдымен, желтоқсанның жетісі күні Қарғалы ауданы Желтау ауылдық округінің әкімі таңдалады.
Бұл үшін екі учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Әкімге үміткер ретінде үш адам тіркелді. Екеуі өзін-өзі ұсынса, 1 кандидат Аманат партиясы атынан сайлауға түседі.
Ал, 21-ші желтоқсанда үш ауданға қарасты ауылдарда сайлау болады