Елде «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» пилоттық жобасы іске қосылды. Мақсат - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту. 


Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатыспақ. Оның 62-і мемлекеттік, 38 жекеменшік балабақша. Бағдарлама 4 пен 5 жастағы балаларды қамтиды.