Өңірде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқаны басталды. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 102 пультіне 4000 мыңға жуық қоңырау түскен. Ал қаладағы дағдарыс орталығына бүгінде 183 адам орналастырылған. Оның 58-і әйел, қалғаны балалар. Аталған акцияның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, жолын кесу. Сондай-ақ, аталған бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту және құқықтық тәрбиені насихаттау. Науқан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.