Қалада нашақорлық пен кибер алаяқтыққа қарсы жастар форумы өтті. Шараны университет ұжымы облыстық полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Форумға арнайы шақырылған спикерлер кибер алаяқтыққа қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында ойын ортаға салып, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.