Ел бойынша "Мал ұрысы" атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 


Ауыл тұрғындарының мүлкін қорғауға және мал ұрлығын болдырмауға бағытталған шара барысында, үш күн ішінде полиция қызметкерлері мал тасымалдаған 12 мыңнан астам көлікті, 3,5 мыңнан аса сатып алу орындарын, сондай-ақ 8 мың шаруа қожалықтары мен фермаларды тексерді. 


Нәтижесінде Астана мен Алматы қалаларында алты заңсыз мал сою цехының жұмысы әшкереленіп, елорданың базарларының бірінде ет сатуға арналған жалған мөр қолдану фактісі анықталды.