Жыл басынан бері облыс аумағында 331 мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді. Жол ережесін бұзғандарға төрт жарым миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.
Ал, жыл бойы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған жүргізушілерге облыстық полиция департаментінің қызметкерлері диплом және сый-сияпат ұсынды.
Бұл "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өтті.