Келер жылдан бастап, жаңа салық кодексіне сай үш бірдей арнаулы режим жұмыс істейді. Соған сәйкес бірқатар шарттар мен жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, өзін-өзі қамтығандар үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ және табыс салығын төлемейді. Тек 4% мөлшерінде әлеуметтік төлем жүргізуі тиіс. Ал салықтық есептілікті тек мобилді қосымша арқылы тапсырады. Бұдан өзге де жаңашылдықтар туралы сала мамандары өңірлік коммуникация алаңында айтты.