Жасанды интеллект көмегімен табиғи апаттарды болжау, туризмді дамыту, ғылымның күнделікті өмірдегі рөлі. Бұл тақырыптар өңірде өтіп жатқан оқушылар арасындағы байқаудың облыстық кезеңінде таныстырылды. Жеткіншектер өз өлкесіндегі өзекті мәселелерді арқау етіп танымдық, ғылыми зерттеу жұмыстарын көрсетті. Байқау екі күнге созылады. Қазылар алқасынан оң баға алған жобалар республикаға жолдама алады.