Аймақта 2022 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы қарқынды жүзеге асып келеді. Содан бері 3 мыңға жуық азаматтың өтініші қабылданып, оларға 15 мрлд теңгеге жуық қаржы үлестірілген. 


Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жоба аясында соңғы жылдары орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп келеді. 


Айталық, Мәртөк ауданының Қаратоғай ауылында жергілікті тұрғындар тігін, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын ашып, бизнеске бет бұрды.