Шалқарда халықаралық бокс турнирі өтті. Спорттық дода ауданның бокс спортын тұрақты дамытуға зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз, білікті басшы Қайырғали Назаровтың құрметіне орай ұйымдастырылды.
Ашылу салтанатында аудан әкімі Жанболат Жидеханов алғы сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады. Жас қатысушыларға сәттілік тілеп, Қайырғали Назаровтың ауданның спорт саласын дамытуға қосқан үлесін сөз етті. Жарысқа демеушілік еткен азаматтарға алғысын білдірді.
Ал сайыс барысында Қырғыстан,Тәжікстан тіпті Ресейден мен еліміздің бірқатар аймағынан арнайы келген өңірлік жас спортшылар бақ сынады.