№32 орта мектеп гимназиясының оқушылары "Полиция және балалар – қауіпсіздік үшін бірге"тақырыбында баяндама жазып, республикалық байқауға қатысты. "Заң және тәртіп" идеологиясын ілгерілетуге бағытталған іс - шараға жетінші-он бірінші сынып оқушылары қатысты. Олар құқықтық тәртіптің маңыздылығы туралы өз білімдері көрсетті. Байқау жастарды қауіпсіздік және құқықтық мәдениет мәселелеріне тарту мақсатында өткізілді. Үздік баяндамалар мектеп сайтына орналастырылады.