Облыс әкімі Асхат Шахаров «Coca-Cola Içecek Kazakhstan»компаниясының бас директоры Вели Динчель бастаған өкілдерін қабылдады.
Кездесу барысында тараптар компанияның Ақтөбеде төртінші зауытын салуға дайындық барысын, инженерлік-инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін және жобаны табысты іске асыру үшін қажетті жағдайларды талқылады.
Аймақ басшысы халықаралық инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, өңірдің елеулі экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетке, сондай-ақ инвестициялар үшін қолайлы жағдайларға ие екенін айтты. Сондай-ақ, өңірдің Түркия Республикасымен ынтымақтастығы оң динамиканы сақтап келеді.
Биылғы жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысының Түркиямен сыртқы сауда айналымы 71,2 млн АҚШ долларын құрады, оның 58,4 млн доллары - экспортқа, 12,8 млн доллары - импортқа тиесілі.
Асхат Шахаров жаңа зауыттың құрылысы өңір экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашатынына және заманауи экологиялық таза технологияларды енгізілуіне ықпал ететіне, сенім білдірді.