Байғанин ауданында ақын, журналист Жақсылық Айжанұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Сәулелі жырдың сарбазы» атты шығармашылық кеш өтті. Алдымен аудан әкімі Айбек Көпенов алғы сөз сөйлеп, кеш иесін мерейлі жасымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. 


Ауданның руханиятын дамытуға қосқан елеулі еңбегі үшін алғысын айтып, ақын шығармаларының жас ұрпақ алдындағы маңызына тоқталды. Ал Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Раукен Отыншин Жақсылық Айжанұлының мерейтойы бұған дейін «Ақтөбе Медиа» баспасөз орталығында, белгілі ақтөбелік ақын-жазушылардың, қаламгерлердің қатысуымен аталып өткенін де тілге тиек етті. 


Талантты тұлға аймақтың басты арнасында қызмет еткен жылдары көрерменнің көзайымына айналған жауһар телехабарларды жарыққа шығарды. Бұл бағдарламалар аймақ көгілдір экраннан көркем дүние күткен көрермен жадында сақталды. 


Сонымен қатар, кеште ақынның жаңадан жарыққа шыққан «Күз» жыр жинағының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты