Шахарда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Кәсіби мерекеге орай аймақ басшысы Асхат Шахаров сала мамандарын құттықтап, облыстың ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан шаруаларға айрықша алғысын білдірді. 


Бірқатар азамат "Құрмет" және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Енді бір тобы «Ерен еңбегi үшiн», Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін тақты.