«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Ментор және мен» клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа жоба қала мектептеріндегі жас психологтарға арналған.
Шара аясында «Сезімдер биі» тренингі, «Маска әдісі» психологиялық жаттығуы өткізілді. Қатысушылар өз эмоцияларын сурет арқылы бейнеледі. Осылайша, шарадан ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.