Қобда ауданының Бегалы ауылында заманауи амбулаторияның құрылысы аяқталып, нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. Медициналық пункт мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елге қайтарылған заңсыз иемделген активтер есебінен ауылдық инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған болатын. Жоба құны – 129 миллион теңге.