Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік шиеленісті жою мақсатында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Онда өңір тұрғындары заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тегін кеңес алды.
Шара тұрақты түрде еліміздің барлық ірі қаласында жылына бір рет, бір уақытта ұйымдастырылады. Бүгінде бүл ілкімді іс халық пен билік арасындағы ашық диалог алаңына айналды.
Азаматтардың өзекті мәселелеріне жедел әрі жан-жақты жауап беру сала мамандарына қойылған негізгі талаптардың бірі.