«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында оқушыларға арналған «EQ-LAB» студиясы ашылды. Бұл студия - оқушылардың эмоционалды интеллектін дамытуға, өзін-өзі тануға және жеке қабілеттерін жетілдіруге бағытталған жаңа жоба. Мұнда топпен жұмыс істеу және өзара қолдау дағдыларын дамытуға да болады. Енді қала мектептерінде «Өмір таңдауы — менің қолымда» психологиялық театр жұмыс істейді. «Менің қауіпсіз кеңістігім» сенім апталығы да ұйымдастырылмақ. Алғашқы күні орталықтың бөлім меңгерушісі Медеухан Жасжанова «Жүректен шыққан эмоция — өмір айнасы», орталық әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова «Эмоциялық интеллект — өзіңді басқару өнері» тақырыбында тренинг өткізді.
Іс-шара соңында оқушылар алған әсерлерін бөлісіп, өз ой-пікірлерін білдірді.
