Талапкерлерге мамандық таңдауда бағдар беру мақсатында "Білім және болашақ" атты халықаралық білім беру көрмесі өтті.
Шараны "Sana" халықаралық ғылыми зерттеу орталығы мен "Жастар рухы" жастар қанаты облыстық филиалы ұйымдастырды. Жиынға қаладағы білім ошақтарының бітіруші түлектері қатысты.