Өңір басшысы Асхат Шахаров тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, олардың тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымға қатысты өтініштерін тыңдады. Көптеген азамат тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтерлерді кезектен тыс беру көзделмегені түсіндірілді. Ақтөбеліктердің бірі, қоғам белсендісі Алтықарасу, Қараой, Сарбие және Көптогай ауылдарында бұқаралық спортты, соның ішінде бокс пен футболды дамыту мәселесін көтерді.
Асхат Шахаров облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына аталған елді мекендерде балалар мен жасөспірімдер секцияларын ашу және жастарды спортқа тарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.