Бүгін медицина университетінде патриоттық ән кеші өтті. Ұжым шараны Республика күні мен Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырды. Жоғары оқу орнына биыл ғана қабылданған студенттер халық арасында кең таралған әндерді шырқап, ұлттық рухты көтерді. Көпшілік "Атамекен", "Мен қазақпын" әндерін қосыла шырқап, қошемет көрсетті.