Ақтөбе медицинасы қалыпты әрі дұрыс бағытта дамып келеді. Мұны өңірге жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өтті. Министр аймақтағы бірқатар медициналық мекемені аралап, халықпен кездесті. Жиын барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жаңа нысандардың бой көтеруі мәселелері қозғалды.