Өңірдің қара алтын өндірісіндегі алпауыт - «СНПС-Ақтөбемұнай-газ» компаниясы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай әдеби-танымдық кеш өткізді. Ұжым қызметкерлері кеш барысында бас ақынның шығармашылығын дәріптеп, өнерін паш етіп ойшылдың қара сөзі мен әндерін шырқап, қойылым сахналады.