Өнер музейінде жас суретші Айнұр Тапалованың жеке көрмесі ашылды. Онда майлы бояу, акрил, гуашьпен салынған суреттерді тамашалауға болады. Қылқалам шебері қазақтың ұлттық болмысынан сырт шертетін туындыларымен қатар кішкентай талғампаздардың көңілінен шығатын мультфильм кейіпкерлерін кескіндеген. Барлығы 70 туынды бар. Айнұр бүгінде Этнографиялық дизайн одағының, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі. Ұлттық дизайн академиясының академигі. Туындылары "Бабалар аманаты" жинағына енді.