Мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов өңірге жұмыс сапарымен келді. Кездесуде ауыл-аймақтан келген мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті басқармалар мен департаменттердің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Әсіресе басшы лауазымына алғаш тағайындалған қызметкерлер келді. Онда Әлихан Бәйменов дәйекті реформалар нәтижесінде Қазақстанда құрылған тиімділік, меритократия және қоғамға есеп беру қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің бірегей моделі, еліміздегі мемлекеттік қызметтің дамуы, жастар саясаты және мемлекеттік қызметкерлердің көшбасшылық мәдениеті туралы айтты.