Қалада ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған балабақша ашылды. "Жұлдыз" облыстық арнайы балабақшасы қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Бұған дейін сауықтыру бағытымен жұмыс істеген санаторий типіндегі нысан заманауи құрал-жабдықтармен қайта жабдықталып, қажетті техникалармен толықтырылды.