Ертең - Рухани келісім күні. Осыған орай облыстық дін істері жөніндегі басқарма мен "Жарық" ақпараттық-кеңес беру орталығы «Толеранттылық пен сыйластық-қазіргі қоғамның күші» атты жиын өткізді. Ашық алаңда 9 айдың жұмысын қорытындысы жасалды. Өңірдегі діни бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар, жастар өздерін толғандырған сұрақты қойды. Айта кетейік, Рухани келісім күні Қазақстанда жыл сайын 18 қазанда аталып өтеді. Бұл күн еліміздегі ұлтаралық татулықты, дінаралық келісімді, бейбітшілік пен бірлікті нығайтуды мақсат етеді. Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылы Алматы қаласында өткен Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінде ұсынылған.