Облыс әкімі Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында тыңдаушылармен кездесті. Оған ауыл әкімдері және өзге де мемлекеттік қызметшілер қатысты. Өңір басшысы ауыл әкімдерінің жұмысы тек тұрмыстық мәселелерді шешумен шектелмей, стратегиялық ойлау, инвестиция тарту, жаңа жобаларды іске асыру және жастарды ауылда ұстап қалу сияқты бағыттарды қамтуы тиіс екенін еске салды. Сондай-ақ, мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер де сөз алып, жаңа қызметтегі басым бағыттар туралы пікірін ортаға салды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 142 ауыл әкімі бар. Олардың 118-і оқуды аяқтаған, ал 31-і қазіргі таңда біліктілігін арттыру курстарынан өтіп жатыр.