100 түп қайың ағашы отырғызылды. Қаланы көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Экошараға тек жастар ұйымдары ғана емес, мекемелер, қоғам белсенділері де тұрақты атсалысып жүр.
Бүгін Бәйішев университетінің жаңа ғимаратының аумағына банк қызметкерлері, сондай-ақ студенттердің қатысуымен көшеттер егілді. Кезекті шара Батыс-3 ауданында ұйымдастырылды. Отырғызылған көшеттер болашақта студенттер мен жергілікті тұрғындарға жайлы демалыс алаңына айналады деген сенім бар.