Қалада Жіңішке өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен көктемде дәл осы маңда өзен арнасынан асып, оның аумағында орналасқан саяжай учаскелеріне су басу қаупі төнген еді. Мердігерлер мұндай жағдай қайталанбас үшін бөгетті тұрғызу және нығайту жұмыстарын қолға алды. Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта жұмыстың 80 пайызы орындалған. Бөгет құрылысы қараша айында аяқталмақ.