Өнеркәсіп дамуына жаңа серпін қажет. Президент Жолдауындағы бұл тапсырманы естіген Сенат депутаттары Ақтөбеге арнайы ат басын бұрды. Өнеркәсіпті өлкенің зауыттарын аралап, өнімдерімен танысты. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін көріп, кәсіпорындардың цифрлық мүмкіндігін бағамдады.