Облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелері бұл жолы күн тәртібінде тұрған 12 мәселені талқыға салды. Соның ішінде 4 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралды. Олар қызмет барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы дұрыс орындамаған. Жиын барысында сала мамандарының мемлекеттік қызметшілерге қатысты жүргізген талдау нәтижелері тыңдалды.